Қазақстанда депутаттарға мәслихат таратылған кезде жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр

0
489

Сондай-ақ штаттан тыс жұмысшылар санын қысқарту есебінен мәслихаттар штатын кеңейту ұсынылады.


Қазақстанда депутаттарға мәслихат таратылған кезде жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы төлеу ұсынылады, деп жазады ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары "Ақ жол" партиясы атынан премьер-министрге жолдаған сауалхатында мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігіне наразылық білдірген. Өз жауабында Олжас Бектенов ұсынылған тың нормалар бұл мәселені шешетінін хабарлаған.

– Мәслихат таратылған жағдайда депутаттың өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде ай сайынғы төлемді көздейтін норма ұсынылады, - делінген жауапта.

Сондай-ақ штаттан тыс жұмысшылар санын қысқарту есебінен мәслихаттар штатын кеңейту ұсынылады. Парламентке түзетулер биыл енгізіледі.