Бұған дейін шартты жазамен шектелген Болат Өтемұратовтың жиені түрме жазасына кесілді

0
327

Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды.


Бұған дейін шартты жазамен шектелген Болат Өтемұратовтың жиені түрме жазасына кесілді

ERNUR.KZ. 5 наурызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Данияр Өтемұратовқа қатысты үкімді өзгертті, деп жазады stan.kz.

Ақпан айында оны Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы алаяқтық жасады деп танып, 5 жылға бостандығын шектеу жазасын берген. Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қайта қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, оны қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды.

Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды.

2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұстау уақыты жазаны өтеу мерзіміне, қамаудағы бір күні жазаны өтеудің 1,5 күні ретінде есептеледі.

Айта кетейік, Болат Өтемұратовтың туысының ұсталғаны туралы 2023 жылдың қарашасында белгілі болды. Болат Өтемұратов Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер тізімінде үшінші орында тұр.