Биыл елімізде 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

0
965

Биыл балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталады.


Биыл елімізде 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

ERNUR.KZ. Елімізде жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, биыл балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталады. Әрі тамыз айының 1-не дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ата-аналар электрондық үкімет веб-порталында өтініш бере алады.

“Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек, өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады”, – деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.