Бишімбаев мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланбайды - ІІМ

0
238

Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған.


Бишімбаев мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланбайды - ІІМ

ERNUR.KZ. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың құрамдас бөлігі мас күйде көлік тізгіндеу екенін еске салды.

"Медициналық куәландырудың ресми қорытындысы және ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқықбұзушылық құрамы болмаған, сондай-ақ, жауапқа тартудың мерзімі өткен кезде (ӘҚБтК-нің 62-бабы) адам осы бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылмайды", - деді ІІМ өкілдері.

4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні "орташадан сәл жоғары" мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.

"Яғни, сіз мас күйде көлік жүргіздіңіз, мен сізді дұрыс түсіндім бе?" - деп сұрады Оразбахова.
"Анық қой, иә", - деп жауап берді Бишімбаев.