Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды

0
377

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды


Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «жедел респераторлық ауру. Жедел фарингит» диагнозын қойған. Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жүктіліктің 36-шы аптасында болған. Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

«Қазір аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.