"ҚазТрансГаз Аймақ" қазақстандықтарға негізсіз 1,2 млрд теңге есептеген

0
227

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасының талаптары шеңберінде бірқатар өңірлердегі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өндірістік филиалдарына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді.


ERNUR.KZ. Қазақстанның ірі газбен жабдықтаушы компаниясы "ҚазТрансГаз Аймақ" тұтынушыларға негізсіз есептелген 1,2 млрд теңгені қайтарады, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасының талаптары шеңберінде бірқатар өңірлердегі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өндірістік филиалдарына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Олардың нәтижелері бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттелетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша бұзушылықтар анықталды. Газды құю, пломбалау және алғашқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан негізсіз төлемдер алынды.

Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрады.

"Аталмыш "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды".

ҚР ҰЭМ ТМРА аумақтық бөлімшелері монополист-субъектінің филиалдарының атына тұтынушыларға негізсіз есептелген сомаларды қайтару және газды кесу, пломбалау және бастапқы іске қосу қызметтері үшін ақы алу бойынша практиканы тоқтату арқылы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізді.