Атырау балабақшасында әйелдер арақ ішкен

0
216

Видео әлеуметтік желіде тарады.


Атырау балабақшасында әйелдер арақ ішкен

ERNUR.KZ. Атырау балабақшасында әйелдер арақ ішкен. Желіде желдей ескен бейнежазба көпшіліктің талқысына түсіп жатыр, деп жазады Azattyq Ruhy.



Бұл оқиға 14 ақпан күні №2 «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында болғаны анықталып отыр. Аталған мекеме Атырау қаласына қарасты Көкнар елдімекенінде орналасқан. Видеодан әйелдердің стакан соғыстырып отырғанын көруге болады.

Аталған іс бойынша қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, бейнежазбаның былтыр түсірілгенін анықтады. Ал әйелдер педагог емес, еден жуушылар болып шықты.