Астанада тұрғындар арасынан Гонконг тұмауы анықталды

0
482

ERNUR.KZ.


Астанада тұрғындар арасынан Гонконг тұмауы анықталды

ERNUR.KZ. Астанада Гонконг тұмауының алғашқы жағдайлары анықталды, деп жазады stan.kz.

Қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, Астанада 2023-2024 жылдың эпидемиялық маусымында (2023 жылдың 28 қыркүйегінен 2023 жылдың 7 желтоқсанына дейін) жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 54 907 жағдайы тіркелген.

Өткен эпидемиялық маусымның осы кезеңінде 48 683 жағдай тіркелді. Яғни биылғы маусымда ауру өткен маусыммен салыстырғанда 14 пайызға жоғары.

"Астананың сегіз медициналық ұйымы жыл бойы тұмауға ұқсас ауруға шалдыққан науқастарға кездейсоқ талдау жүргізеді. Оң нәтиже шықса, генетикалық зерттеуден (секвенирлеу) өтеді. Бұл мақсатты топтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және ауру туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, эпидемиялық маусымда жүргізілген зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша ЖРВИ-мен ауыратын науқастардың арасында 29 науқаста А типті вирус (H3N2) яғни Гонконг тұмауы анықталды", – деді бас санитарлық дәрігер.

Бас дәрігер А (H3N2) тұмауы маусымдық ауруды өршітетінін атап өтті.

Бейсенов0аның айтуынша, Гонконг ауруының қарапайым ЖРВИ-ден айырмашылығы – тез өтетінінде. Гонконг тұмауы мұрынның және ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабығына әсер етіп, қабынуды тудырады.