Астанада науқастар мен балаларды қорлаған медицина студенті диплом алмайтын болды

0
1 016

Университет шешім қабылдауда ашықтық пен негізділікті, академиялық адалдық, корпоративтік мәдениет және Этикалық кодекс қағидаларын ұстануды қамтамасыз еткенін айтты.


Астанада науқастар мен балаларды қорлаған медицина студенті диплом алмайтын болды

ERNUR.KZ. Астана медицина университеті науқастарды аяусыз жәбірлеген студентке жоғары білім туралы диплом берілмейтінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

"Әлеуметтік желіде тарап кеткен студенттің қатысуымен түсірілген видеоға қатысты, аталған факті бойынша университеттің тәртіптік кеңесінде талқыланды. Студент 5-курста оқиды. Оны Тәртіптік кеңес отырысында тыңдады. Студентке диплом берілмейді", - делінген университет хабарламасында.

Университет шешім қабылдауда ашықтық пен негізділікті, академиялық адалдық, корпоративтік мәдениет және Этикалық кодекс қағидаларын ұстануды қамтамасыз еткенін айтты.

Бұған дейін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

"Барлығы заң аясында қарастырылып, құқық қорғау органдары бұл іспен айналысуда. Оның мәселесі университетте арнайы құрылған комиссияда қаралады", - деді минист

Министр студенттің дәрігер болып жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ екенін айтқан еді.

Сонымен қатар, Бірінші арна медициналық университет студентінің ауыр науқастарға қатыгездік көрсеткенін хабарлаған болатын.

22 жастағы интерн онкологиялық дертке шалдыққан науқастарды ұрып-соғып, ақыл-есі кем адамдарды және балаларды қорлаған.

Науқастарды азаптады деген күдікке ілінген медициналық университеттің 22 жастағы студентіне қатысты сот процесі 8 айдан аса уақытқа созылған. Жас жігіт өзінің барлық әрекетін видеоға түсіріп алған.

Науқастарда көгерген жерлер байқала бастаған соң студент жұмыстан шығарылғаны хабарланды. Алайда ол аутизммен ауыратын балаларға арналған оңалту орталығына жұмысқа орналасқан. Орталықтағы пациенттердің бірінің анасы журналистерге жігітті жазалағысы келгенін айтып, шағымданған.

Осы ретте Астана тұрғыны үйқамаққа алынып, полицейлер оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы "Азаптау” бойынша қылмыстық іс қозғағаны хабарланды.