Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

0
397

Алған жарақатынан әйел оқиға орнында, бала ауруханада қаза болды.


Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Қалалық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 9 маусымда сағат 14:19-да болған.

"102" арнасына Сығанақ көшесі бойындағы 12-қабаттың терезесінен әйел баласымен құлап кетті деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында, бала ауруханада қаза болды", - делінген хабарламада.

Дерек бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру мүддесі үшін соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.