Астанада биіктен құлап, мерт болған төрт жұмысшы: Сотта жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді

0
699

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін өзгеріссіз қалдырды.


Астанада биіктен құлап, мерт болған төрт жұмысшы: Сотта жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді

ERNUR.KZ. Астана қалалық соты құрылыс басындағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп танып, оның күшін жою, сондай-ақ жазатайым оқиғаға қайта арнайы тексеру жүргізу міндеттемесін белгілеу туралы жұмыс берушінің талап-арызын қанағаттандырмады, деп жазады zakon.kz.

Осылайша Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетсек, 2023 жылы 12 қазанда Астана қаласында құрылыс нысанында ЖК-ның (ИП) төрт жұмысшысы биіктіктен құлап, жазатайым оқиға орын алған еді. Сол кезде басқарманың бұйрығымен жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия тағайындалды.

Тергеу нәтижелері бойынша арнайы тергеу актісі жасалды және жұмыс берушінің кінәсі 100%-ға анықталды.

Еңбек кодексінің 23-бабы 2-бөлігінің 25) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Сондай-ақ, Еңбек кодексінің 184-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жұмыс жабдықтары осы жабдық үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі, тиісті техникалық паспорттары (сертификат) болуы, ескерту белгілері және жұмыс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етілуі керек.

Алайда, жұмыс берушілер арнайы тергеу актісімен келіспей, сотқа сот актісін даулау туралы талап арызбен жүгінді.

"Елорда соттары талапкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды тиісінше жүзеге асырмағандықтан және жұмыскерлер үшін биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде құрылыс объектісінің аумағында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасамағандықтан жұмыс берушілердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Соттар арнайы тергеп-тексеру актісінің қорытындыларын заңды және негізделген деп таныды". Астана қалалық сотының баспасөз қызметі