Астана әкімі Украинаны қолдап, митингіге шыққандарға неге рұқсат берілмегенін айтты

0
313

Қала әкімінің түсіндіруінше, егер митингіге өтініш заң аясында беріліп, орыны анықталса еш кедергісіз рұқсат беріледі.


Астана әкімі Украинаны қолдап, митингіге шыққандарға неге рұқсат берілмегенін айтты

ERNUR.KZ. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада Украинаны қолдап, мтитнгіге шыққандарға неге рұқсат етілмей отырғанын айтты, деп жазады baq.kz.

Астанада Украинаны қолдап, митингіге шыққандарға неге кедергі келтіріп отырсыздар? деп сұрады БАҚ өкілі.

Қала әкімінің түсіндіруінше, егер митингіге өтініш заң аясында беріліп, орыны анықталса еш кедергісіз рұқсат беріледі.

Жыл басынан әртүрлі 100-деген митинг өтті. Сондықтан Украинаны қолдау немесе қолдамау секілді мәселені көтермейміз. Құжаттардың бәрі заңды болса, рұқсат беріледі, - деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.