Асхат Аймағамбетов ағза донорлығына қатысты пікірін білдірді

0
615

Ол бұл мәселе бойынша әр азамат жеке шешім қабылдауы тиіс екенін жеткізді.


Асхат Аймағамбетов ағза донорлығына қатысты пікірін білдірді

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәйіт донорлығына дайын екенін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл мәселе бойынша (мәйіт доноры болу-авт.) бізде заң жобасында бекітілген норма бар. Сондықтан оған әртүрлі спекуляция жасап айту қиын. Бұл - әр азаматтың өз шешімі. Егер айтылған ұсыныстар болса, Парламентке келіп арнайы енгізу керек болады. Ондай түзету бойынша бастама болса сол кезде талқылаймыз. Мен өз ойымды айтатын болсам, ондай шешімге дайынмын. Себебі бұл жерде өз шешімімізді ғана айтуымыз керек. Себебі өте нәзік мәселе. Әр азаматтың діни ұстанымы, сенімі, дүниеге көзқарасы бар. Әр азаматтың өз шешімі бар», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын екенін айтқан болатын.