Америкалық вакцинаны сатып алу бойынша көліссөздер жүргізіліп жатыр – министр

0
314

​Екпенің елге қашан жеткізілетіні белгісіз.


Америкалық вакцинаны сатып алу бойынша көліссөздер жүргізіліп жатыр – министр

ERNUR.KZ. АҚШ компаниялары өндірген коронивирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Біз (COVID-19-ға қарсы екпені сатып алу бойынша – автор) АҚШ-тың жетекші компанияларымен көліссөздер жүргізіп жатырмыз. Бүгінде вакцинаның елге қашан жеткізілетіні белгісіз. (Екпені елге жеткізу – автор) мерзімі – 2021 жылдың екінші жартыжылдығы деп көрсетіліп отыр», - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ Алексей Цой алдағы уақытта тиісті мәліметті беретінін атап өтті. «Көліссөздерді жүргіп жатырмыз. Соңғы ақпаратты алған соң (екпені – автор) жеткізу мерзімін жариялаймыз», - деді ведомство басшысы. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға «Sinopharm» вакцинасының 750 мың дозасы жеткізілетіні хабарланған еді.