Алматыдағы мектепте түсірілген видеодан кейін директор жұмыстан босатылды

0
210

Қалалық Білім басқармасы бұл ақпаратты растады.


Алматыдағы мектепте түсірілген видеодан кейін директор жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. Алматының Білім басқармасы қала мектептерінің бірінде түсірілген оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін Желіде баспалдаққа сыймай жиналып тұрған оқушылар көрсетілген видео пайда болған еді. Оқиға гардеробқа барар жолда болған. Балалар сығылысып, кейбірі қабырғаға жабысып тұрғаны байқалады.

Қалалық Білім басқармасы бұл ақпаратты растады. Жобалық қуаттылығы 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқитыны хабарланды.

"27 ақпанда екінші ауысымнан кейін мектептің бірінші қабатында орналасқан киім ауыстыру бөлмесінде оқушылар жиналып қалған, оған сол күні оқушылардың киім ауыстыру кестесі дұрыс ұйымдастырылмауы себеп болды. Бұл мектепте бұрын мұндай жағдай болмаған. Мектеп әкімшілігі мәліметінше, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Оқу процесін ұйымдастыруға бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылғаны айтылды.