Алматыда тағамдық қоспалар мен дәрі-дәрмек сатқан қаржы пирамидасы анықталды

0
639

«Chia Tai Tianqing» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.


Алматыда тағамдық қоспалар мен дәрі-дәрмек сатқан қаржы пирамидасы анықталды

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілген», - делінген ҚМА хабарламасында.

Айта кету керек, «Chia Tai Tianqing» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

«Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда», - делінген хабарламада.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз «Chia Tai Tianqing» әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», - дейді агенттік өкілдері.