ТҮРКІСТАН: Кентауда соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етілді

0
138

Еске алу шарасына қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен қала жастар қатысты.


ТҮРКІСТАН: Кентауда соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етілді

Кентау қаласында Отан үшін отқа түскен ардагерлерді еске алуға арналған шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласындағы С.Қожанов саябағындағы «Азалы ана» ескерткішінде Отан үшін отқа түскен ардагерлерді еске алуға арналған шара өтті.


Жиында қала әкімі Жандос Тасов бүгінде батыр ардагерлеріміздің қатары күн санап сирей түскенімен, оларға деген құрмет арта беретінін атап өтті.


«Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету», деді қала әкімі.


Еске алу шарасына қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен қала жастар қатысты.


Ұрпағына жеңіс сыйлаған ардагерлердің рухына тағзым ету шарасында қалалық маслихат төрағасы Қ.Елеусізов, қалалық ардагерлер кеңес төрағасының орынбасары М.Юлдашев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Молжігітов мерекелік құттықтауларын арнады.


Бүгінгі таңда, Кентау қаласында 1 соғыс ардагері, 364 тыл еңбеккері мен 18 ардагердің жұбайлары бар. Шара соңында бақилық болған батыр жауынгерлердің рухына тағзым көрсетіліп, есімдері жазылған ескерткіш алдына гүл қою рәсімі өтті.