Алматыда мекемелердің бірінде төрт жігіт қыздарды аяусыз соққыға жыққан

0
1 429

Кейін қыздар да жанжалға араласып, беттерінен бірнеше соққы алған.


Алматыда мекемелердің бірінде төрт жігіт қыздарды аяусыз соққыға жыққан
ERNUR.KZ. Желіде Алматыдағы мекемелердің бірінде төрт ер адамның екі қыз бен бір жігітті соққыға жыққан видеосы тарады. Мәліметтерге сүйенсек, Хэллоуин мерекесін тойлаған жастардың арасында алдымен жігіттер сөзге келгенге ұқсайды, деп жазады Stan.kz

Кейін қыздар да жанжалға араласып, беттерінен бірнеше соққы алған. Бұл фактіні аумақтық бойынша Бостандық аудандық ІІБ-нің полиция бөлімі тексеруде. Күдіктілер іздестірілуде.

"Жәбірленушілердің алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы жасалды. Нәтижесі шыққан соң оқиғаның біліктілігі анықталмақ", - деді тәртіп сақшылары.