Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам 25 тәулікке қамалды

0
206

Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады.


Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам 25 тәулікке қамалды

ERNUR.KZ. Бұрынғы әйелін көшеде ұрып-соққан Александр Ким қамауға алынды, деп жазады inform.kz.

«Бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталды. Қол жұмсағаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, оған айыппұл салынды» деп хабарлады ведомстводан.

Құқық бұзушы қамауға алынды.

Бұған дейін Алматы көшелерінің бірінде Салтанат есімді келіншекті бұрынғы күйеуі соққыға жыққанын жазған едік.

Кейін Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады.