Алматыда балалар ойнайтын алаңда ер адамның мәйіті табылды

0
383

Қылмысқа қатысы бар күдікті ізін суытпай анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматыда балалар ойнайтын алаңда ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әуежай маңындағы балалар ойнайтын алаңда ер адамды бауыздап кеткені туралы ақпарат тарады. Азамат оқиға орнында көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Қылмысқа қатысы бар күдікті ізін суытпай анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қалалық полиция басқармасы жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен жәбірленуші бірге ішімдік ішкен. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.