Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот отырысы басталды

0
573

Алматыда 2023 жылы 23 желтоқсан күні болған автобус апатына күдікті деп танылған Дархан Ахметжановқа қатысты сот процесі басталды.


Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот отырысы басталды

ERNUR.KZ. Сот ісіне байланысты алғашқы тыңдалым Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ғимаратында өтті, деп жазады baq.kz.

Алматыда 2023 жылы 23 желтоқсан күні болған автобус апатына күдікті деп танылған Дархан Ахметжановқа қатысты сот процесі басталды. Оған қатысты ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) және ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын.

Сотқа күдіктінің өзінен бөлек қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары, сондай-ақ №47 автобустың жүргізушісі Ермек Шөкебаева куәгер ретінде қатысты.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні кешкісін 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізуші әйелді ұрып жіберген. Салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды.