Алматыда 1 шілдеден бастап қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі

0
320

Наурызбай ауданының тұрғыны халықпен кездесуге келген шаһар басшысына қоғамдық көліктерге қатысты ұсыныс айтты.


Алматыда 1 шілдеден бастап қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі

ERNUR.KZ. Биыл 1 шілдеден бастап мегаполистің қоғамдық көліктерінде қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп жазады inform.kz.

Наурызбай ауданының тұрғыны халықпен кездесуге келген шаһар басшысына қоғамдық көліктерге қатысты ұсыныс айтты.

«Автобустар мен троллейбустардың ішінде отырған ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, жүкті әйелдерге және балалары бар жолаушыларға орын беруге шақыратын дыбысты ескертулер қосу керек деп ойлаймын», - деді ол.

Ерболат Досаев осы мәселеге қатысты жоспар бар екенін жеткізді.

«1 шілдеге дейін қоғамдық көліктердің қызмет көрсетуіне жаңа тәсілдер енгізуді жоспарлап отырмыз. Қажетті өзгерістер мен толықтырулар болады», - деді қала басшысы.