Алматы: тағы бір жүргізушінің адамды ұрып құлатқаны видеоға түсіп қалды

0
627

Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған.


Алматы: тағы бір жүргізушінің адамды ұрып құлатқаны видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы жанжал төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқталды, деп жазады inform.kz.

Оның видеосы әлеуметік желіде тарады.


Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Бейнежазбадан ер адамның жерге құлап түскенін көруге болады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

«1988 жылы туған М.-ның жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта шабуылдаушыны анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Одан кейін сот өндірісінің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Жетісу облысында күні кеше бір жүргізуші жол жиегінде отырған тұрғынмен сөзге келіп қалып, оны бір ұрып құлатқан еді. Жапа шегуші сол күйі тілге келмей, ауруханада көз жұмды.