Шаруаларға қосымша субсидия бөлінеді – Үкімет басшысы

0
288

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет қажетті шараны қабылдады.


Шаруаларға қосымша субсидия бөлінеді – Үкімет басшысы

ERNUR.KZ. Үкімет басшысы шаруаларға кредитке қосымша қаржы бөлуді жеделдету қажеттігін айтты, деп жазады inform.kz.

«Қаржы және Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингі пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға берілетін қаражат есебінен шаруаларға кредит беруге қосымша қаржы бөлуді жеделдету қажет. Облыс әкімдіктері шағын және орта деңгейдегі қожалықтарға назар аударып, шаруалардың барынша ауқымды бөлігін қамтуы қажет», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, биыл көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет қажетті шараны қабылдады. Бұл мақсатқа 140 млрд теңге бөлініп отыр.