Алматы облысында он күннен бері үш жасар қыз табылмай жатыр

0
319

Кішкентай қыз 17 наурыз күні үйінен шығып кетіп, оралмаған.


Алматы облысында он күннен бері үш жасар қыз табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп жазады stan.kz.

Кішкентай қыз 17 наурыз күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында болды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарлаған.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция және жедел блок қызметкерлерінен құрылған арнайы іздеу тобы құрылды. Қазір үйретілген иттермен ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздейтін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.