Алматы облысында кірпіш зауытының иесі тұрғындарға пышақ ала жүгірді - видео

0
438

Әлеуметтік желіде екі қолына пышақ ұстап алып, қарсыласына қоқан-лоқы көрсетіп жүрген ер адамның видеосы тарады.


Алматы облысында кірпіш зауытының иесі тұрғындарға пышақ ала жүгірді - видео

ERNUR.KZ. Алматы облысында пышақпен халықты қорқытқан зауыт директоры видеоға түсіп қалды. Полиция тексеріс шараларын бастады, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде екі қолына пышақ ұстап алып, қарсыласына қоқан-лоқы көрсетіп жүрген ер адамның видеосы тарады. Сол жерде тұрған адамдар оны тоқтатуға тырысқан.
Оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылында түсірілген. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындаған. Тәртіпбұзушылық Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды", - деді тәртіп сақшылары.