Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жіберген: оқиға видеоға түсіп қалды

0
413

Полиция оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.


Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жіберген: оқиға видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы тасжолда әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігі астына итеріп жіберді, деп жазады tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Полиция оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.

"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының Полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.

Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша аудандық полицияға тіркелді.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленов.