Ақтөбеде жанжалды оқиғадан кейін Сәния Мұратова депутаттық өкілетінен айырылды

0
474

53 жастағы Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова алдағы жарты жылда көлік жүргізе алмайды.


Ақтөбеде жанжалды оқиғадан кейін Сәния Мұратова депутаттық өкілетінен айырылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе мәслихатының депутаты Сәния Мұратова жүргізуші куәлігінен және депутаттық өкілетінен айырылды, деп жазады tengrinews.kz.

53 жастағы Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова алдағы жарты жылда көлік жүргізе алмайды. 25 қыркүйекте әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған қатысты істі қарады.

Мұратова ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Өзі сотқа келмеді.

"2023 жылдың 5 қыркүйегінде таңғы сағат жетілер шамасында азаматша Сәния Бұлқайырқызы Мұратова Молдағұлова көшесі мен Сәңкібай-Батыр даңғылы қиылысында алты жолақты жолда қос үзіксіз сызықты кесіп өткен. Осыған байланысты оның үстінен ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сәния Мұратова заңбұзушылықпен келісіп, хаттамаға қол қойды", - деді сотқа қатысқан Ақтөбе қалалық ПБ патрульдік полиция инспекторы Мүсіреп Жанболатұлы оқиғаның кейбір жай-жапсары туралы.

Айта кетейік, осыған дейін қыркүйекте депутат Мұратова жол қозғалысы ережесін екі рет бұзғаны хабарланған болатын. Бірінші жағдайда, ол көлікті жүргізіп келе жатып, қос үзіксіз сызықты кесіп өткен. Арада бір апта өткенде, 20 қыркүйекте депутаттың көлікті мас күйде басқарғаны тіркелді. Екінші факт бойынша сот әлі істі қараған жоқ.

Сәния Мұратова депутаттық өкілетінен айырылғаны беліглі болды. Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанованың айтуынша, сессия отырысында Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары Сәния Мұратованың депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Ақтөбе аумақтық сайлау комиссиясының (АСК) ұсынысын қарады. Оны депутаттар қарап, қолдады.

"С.Мұратованың өкілеттігі тоқтатылды", - деп хабарлады Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова.