Ақтөбеде 10 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті

0
501

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 25 мамырда Кирпичный аулында "Камаз" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды қағып кеткен.


Ақтөбеде 10 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 25 мамырда Кирпичный аулында "Камаз" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласының Ана мен баланы қорғау орталығына жатқызылды. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Бұл жаяу жүргіншілерге, электр скутерлеріне, мотоциклдерге және велосипедтерге қатысты. Бұл әсіресе жазғы демалыс қарсаңында манызды", - делінген хабарламда.