Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

0
282

Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталып отыр.


Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп жазады baq.kz.

Оған Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары, қала әкімі қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы онлайн қосылды.

Отырыста ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталып отыр. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс.