Ақтөбе облысында пышақталған жасөспірім ауруханаға жеткізілді

0
393

Полиция істің мән-жайын анықтауға кірісті.


Ақтөбе облысында пышақталған жасөспірім ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. 3 тамыз сағат 01:30-да Ембі қаласы ауруханаға белгісіз адамдар пышақ жарақатын алған - 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жеткізген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Кәмелетке толмаған екі баланың арасында жанжал туындап, соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ салғаны белгілі болды. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі (қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция мен білім беру органдары болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.

«Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады, егер алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылса», – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.