Ақтөбе облысында газ жарылып, төрт адам жарақат алды

0
583

Арасында мектеп жасындағы оқушы қыз бар.


Ақтөбе облысында газ жарылып, төрт адам жарақат алды
Ақтөбе облысында газ жарылып, төрт адам жарақат алды. Апаттан үйдің төбесі ортасына түсіп, қабырғасы қираған. Оқыс оқиға алдында үй иелері қонақ күтіп алуға қамданып жүрген, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Маржанбұлақ ауылында болды. Баспана қирап қалған. Опырылып ортасына түскен төбе мен қираған қабырғалар бар дүние-мүлікті басып қалыпты. Жарылыстан үйдегі төрт адамы оңбай күйіп қалған. Арасында мектеп жасындағы оқушы қыз бар.

"Есікті ашып шығып келе жатқам, гүрс етіп құлағанда, мені кейін қарай ысырып жіберді. Қайта аштым да, атып шығып, мына жағынан барып қызымды алып шықтым", - дейді Маржанбұлақ ауылының тұрғыны Ербол Шәкиев.

Мамандардың сөзінше, газ жарылған, бірақ құбырдың қай жерінен ақау кеткені немесе үйдің қай бөлігіне газ жиналғаны әлі тексеріліп жатыр. Дәрігерлер жарақат алғандардың жағдайы ауыр емес дейді.

"17 жастағы қыз Ана және бала орталығына хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Термиялы күйік диагнозымен. Қалған үш адам көпсалалы облыстық ауруханаға жіберілді. Термиялы күйік 1,2 дәрежелі, 10 пайыз зақымданған", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.