Ақтөбе облысында 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр

0
235

24/7 режімінде Ақтөбе қаласы бойынша 12, ал жалпы облыста 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.


Ақтөбе облысында 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр, деп жазады inform.kz.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қалалық сүт зауыты шағын ауданындағы «Aqtobe Su Energy Group» АҚ №5 қазандығы арқылы №5 орта мектеп, емхана, балабақша, екі және бес қабатты үйлер, төрт пәтерлі жеке үйлер жылытылады.

Қазандықтың кезекші бөліміндегі операторлар облыс әкіміне мән-жайды түсіндіріп, жұмыс барысын айтып берді.

Қатты желдің кесірінен «Энергосистема» мекемесіне тиесілі желіден ақау шыққан. Соған қарамастан, №5 қазандыққа қарасты 38 нысанға жылу беру тоқтатылмаған, автоматты түрде дизель қосылып, үздіксіз, тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қор жеткілікті.

Сондай-ақ, Асхат Шахаров «Алтын Орда-2» ықшамауданындағы «Энергосистема» ЖШС-нің электр жарығын тарату станциясына барды.

Мекеменің бас директоры Ержан Жексембиновтің сөзінше, тіршілік үшін маңызды қызметтер тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Соның ішінде су тазарту құрылыстары да бар. Сумен жабдықтау нысандарының жұмысын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ол резервтік желіге қайта қосылған.

Сондай-ақ, ол облыс әкіміне жарық беру бойынша осы уақыттағы жағдай туралы баяндады.

24/7 режімінде Ақтөбе қаласы бойынша 12, ал жалпы облыста 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Мәртөк және Алға аудандарында бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтөбеде Қисық көл маңында, 41-разъезд, Кірпішті, Заречный-1, Геолог-4, Геолог-5, Геолог-6 аумағындағы, 312-ші атқыштар дивизиясы көшесі бойындағы үйлер мен бау-бақша ұжымдарына жарық берілді. Коммуналдық қызмет мүмкіндігінше жұмыс істеуде.

«Жедел түрде бірден шешім қабылдап, мәселелерді шешу керек. Саяжай, бау-бақша ұжымдарын теңгерімге алу мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарымен ұсыныс дайындаңыздар», - деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.