Ақтаулық азамат үш қасықты қатар жұтып қойған

0
1 098

Науқас абайсызда қасықтарды жұтып қойған.


Ақтаулық азамат үш қасықты қатар жұтып қойған

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық аурухасының дәрігерлері 29 жастағы азаматтың асқазанынан 18 сантиметрге дейін жететін үш темір қасықты отамен алуға мәжбүр болды. Науқас абайсызда қасықты жұтып қойған. Ақтаулық азамат темір жұтып қойып өлімнен аман қалды, деп жазады exk.kz.

Облыстық ауруханасында эндоскопист-дәрігерлер темір жұтып қойған науқасқа тіліксіз ота жасап шықты. Бұл туралы облыстық аурухананың өкілі мәлімдеді.

Аурухананың эндоскопист-дәрігері Бауыржан Танауовтың темір жұтқан 29 жастағы науқас 18 мамыр күні жедел түрде ауруханаға жеткізілгенін айтады. Науқас азамат ішінің жоғарғы бөлігі ауыратынын айтып шағымданған. Осыдан кейін дәрігерлер жедел түрде лабораторлы-инструментальді зерттеу жүргізіп, асқазаннан бірнеше темір барын анықтады.

"Науқасқа шұғыл түрде жансыздандыру арқылы эндоскопиялық әдіспен ота жасадық. Яғни ауыз арқылы видеоэзофагогастродуоденоскопия аппаратының көмегімен денедегі артық затты сыртқа шығардық. Науқас ішінен ұзындығы 15, 16, 18 см темір, басы жоқ қасық алынды", — деді Маңғыстау облыстық ауруханасының эндоскопист-хирургы Бауыржан Жоламанұлы.

Темірді эндоскопиялық жолмен алып тастау отасы сәтті өтіпті. Науқаста ешқандай ауырсыну болмаған. Жарты сағатқа созылған отадан соң науқас бірден амбулаторлы емге жіберіліпті.