Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінен өлі дене табылды

0
609

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінен өлі дене табылды

ERNUR.KZ. Ақтаудағы 28 шағынаудандағы тұрғын үйлердің біріндегі жеделсаты ішінен ер адамның денесі табылды, деп жазады baq.kz.

29 қараша күні кешкі сағат 19:09 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне 28-ші шағынаудандағы үйлердің біріндегі лифтіде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.

Шақырту түскен мекенжайға полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу жетті. Аталмыш дерек Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 001-бабы (жеке тұлғаның өлімі) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.