Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болып, артынша қашып кеткен қыз табылды

0
294

20 жастағы бойжеткеннің тұрғын үй кешенінің терезесінен секіру әрекетінің алдын алған еді.


Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болып, артынша қашып кеткен қыз табылды

ERNUR.KZ. Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болып, артынша қашып кеткен 20 жастағы қыз аман-есен табылды, деп жазады stan.kz.

Облыстың полиция департаменті, қыздың не себепті өзін тастамақ болғанын хабарламады.

"Табылды, аман-есен және жағдайы жақсы. Туыстарына тапсырылды", – деді полиция.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция 20 жастағы бойжеткеннің тұрғын үй кешенінің терезесінен секіру әрекетінің алдын алған еді. Осы жағдайдан кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Оқиғаның видеосы 3 наурыз күні ақтаулық желі парақшаларының бірінде жарияланған.