Ақтауда демалыс базасында ер адам мен қыз бала суға кетті

0
644

Қайтыс болған ер адам – бес баланың әкесі.


Ақтауда демалыс базасында ер адам мен қыз бала суға кетті

ERNUR.KZ. Екі қайғылы оқиға бір-біріне жақын орналасқан демалыс орындарында болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Жедел жәрдем ақпараты бойынша, «Монтажник» демалыс базасында кеше 11:47-де 14 жасар қыздың өлімі тіркелді.

Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орнында болды. Ер адам суға батып кеткен. Оның жасы 36-да болатын. 18:00-де қайтыс болғаны тіркелді. Желі пайдаланушыларының жазуынша, қайтыс болған ер адам – бес баланың әкесі.

Марқұмның екеуі де медицина қызметкерлері жеткенше өмірден өткен.