Ақмола облысында жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалды

0
1 281

Марқұм жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.


Ақмола облысында жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында экскаватор шөмішінің астында қалған жұмысшы көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 19 қарашада сағат 14:48-де Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың дәрігері хабарласып, жедел жәрдем көлігінде ауруханаға алып келе жатқан жұмысшы көз жұмғанын айтты.

«Қайғылы жағдайдың жөндеу жұмыстары кезінде болған. Жеке өндіріс орнында жұмыс істейтін 52 жастағы жұмысшыны экскаватор шөміші басып қалған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 3-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.