Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды

0
292

Екі ер адам да сау болған.


Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды

ERNUR.KZ. Есіл қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 5 наурызда болған. Полиция екі адамның да жеке басын анықтады. Қаза болғандардың бірі - Есіл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Мәліметтер бойынша, екі ер адам да сау болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.