Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды – ҰҚК

0
549

Күдіктілер қамауға алынды.


Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды – ҰҚК

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен әрекеттесе Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.

«Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді», - делінген хабарламада.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҰҚК өкілдері өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтынын ескертті.