Ақмола облысында 26 жастағы жұмысшы өндіріс орнында жарақат алды

0
464


Ақмола облысында 26 жастағы жұмысшы өндіріс орнында жарақат алды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жұмысшының өндіріс орнында дене жарақатын алуына байланысты еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 25 қаңтарында Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласқан.

Ол 26 жастағы жергілікті тұрғынның «кеуде қуысының жарақаты, іштің жарақаты» диагнозымен қабылдау бөлмесіне жеткізілгенін айтты.

«Жедел-тергеу тобы зардап шегушінің кәсіпорындағы жұмыс орнында жарақат алғанын анықтады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ведомстводан.