Ақмола облысында 24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен

0
779

Полицейлер 1 жылдан бері жоғалып кеткен 39 жастағы азаматтың мәйітін тапты.


Ақмола облысында 24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен. Сұмдық оқиға өткен жылдың жылдың қазан айында болған. Қазір ұрлық және бопсалау бойынша орташа режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушы бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айтуынша, ол 39 жастағы танысымен бірге ішімдік ішкен. Артынша жанжал шығып, қарсыласын бірнеше рет ұрып құлатқан. Қылмысын жасыру үшін денесін даладағы дәретханаға лақтырып жіберіпті. Бір қызығы ол бұл қылмысын түрмеге түспей тұрып жасаған. Сотталушы көлік ұрлап, адамдарды бопсалағаны үшін 1 жыл 10 айға сотталыпты. Қыркүйек айынан бастап Павлодар қаласындағы 45-түрмеде жазасын өтеген.

«Ақмола облысының тұрғыны 1 жылдан бері хабар ошарсыз кетіп, оған іздеу жарияланған болатын. Бірақ, жоғалған адамды ең соңғы рет көрген осы сотталушы болып шықты. 2 айға жуық уақыт тергеу жүргізген жедел уәкілдер оның адам өлтіргенін анықтады. Сотталушыдан жауап алу кезінде ол кісі өлтіргенін мойындады. Қылмыстық істі қарау және шешім қабылдау үшін сотталаушы Ақмола облысына жіберілді», - деді облыстық ҚАЖД жедел уәкілі Азамат Тортаев.

Сотталушы айтқан мекен-жайға барған полицейлер 1 жылдан бері жоғалып кеткен 39 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Марқұмның дәретханадағы мүрдесін ешкім байқамаған. Сол қалпы көмулі жатыпты. Сотталушы қылмысты жасаған кезде мас болғанын және өкінетін жеткізген. Ал бұрынғы қылмысы бойынша әлі өтелмеген 1 жыл 8 ай уақыт жазасы қалған, енді сотталушы бұл жазасын жаңа қылмысымен қосып өтейтін болады.