Айтбек Амангелді соттан шығып кетті

0
233

Құқық қорғаушы Әлия Омарованың айтуынша, Салтанаттың ата-анасы ауырып қалған.


Айтбек Амангелді соттан шығып кетті

ERNUR.KZ. Бүгін түстен кейінгі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына Салтанат Нүкенованың ағасы қатыспады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құқық қорғаушы Әлия Омарованың айтуынша, Салтанаттың ата-анасы ауырып қалған. Оларға жедел-жәрдем шақыруға тура келген.

«Айтбек Амангельді мен адвокат Жанна Оразбахова сонда жүр. Оразбахова үзіліс болған жағдайда қосылады», - деді адвокат.

Тараптар жәбірленуші мен оның өкілі болмаса да, сотты жалғастыруға келісім берді.