Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады

0
551

Бүгін қазақстандық авиакомпанияның IPO бойынша роуд-шоуы басталады.


Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады

ERNUR.KZ. Air Astana компаниясы Астана, Алматы және Лондондағы IPO-ға шығатын алдағы акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттардың баға диапазонын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Ол бір акция үшін 2,13-тен 2,75 долларға дейін ( 956-дан 1237 теңгеге дейін) және қолхат үшін 8,5-тен 11 долларға дейін (3825-тен 4950 теңгеге дейін) болады.
"Акция үшін түпкілікті баға теңгемен белгіленеді және баға жарияланған күннің алдындағы күні қолданыста болатын Қазақстан ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 4-ке бөлінген және теңгемен айырбасталған ғаламдық депозитарлық қолхаттар үшін түпкілікті бағаға тең болады. Инвесторлардың KASE және AIX акцияларына өтінімдері теңгемен берілуі тиіс", - делінген Air Astana хабарламасында.
Орналастыру аясында компания акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығарудыжәне шамамен 120 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда компанияның күтілетін нарықтық капитализациясы 770-тен 962 миллион долларға дейін болады.
Роуд-шоу осы жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.
Соңғы бағалар өтінімдер кітабын (букбилдинг) қалыптастыру аяқталғаннан кейін анықталады және 2024 жылдың 9 ақпанында жарияланады.
Акциялар ақпан айының ортасынан бастап сатылады деп жоспарланған.
IPO (Initial Public Offering) - бұл компанияның акцияларын қор нарығында шектеусіз адамдарға сату үшін алғашқы орналастыру.