Аймағамбетов жұма сайын мектеп директорларының басын қосады

0
530

Министр жұмыс осылай жалғасатынын айтты.


Аймағамбетов жұма сайын мектеп директорларының басын қосады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты, деп жазады baq.kz.

Өткен аптадан бастап облыстық білім басқармалары мен бақылау департаментінің басшылары қатысып жүр. Енді бүгіннен бастап мектеп директорлары да жұма сайын аппарат жиналысына қатысады. Одан кейін колледж директорлары мен аудандық, қалалық әдістемелік орталықтың басшылары да қатысуы керек. Мен облыстарды аралап жүрген кезде жұма сайынғы ақпарат ауылдағы, қаладағы мектеп директорларына жетпей отырғанына көзім жетті. Сондықтан жұма сайын осылай жиналамыз. Zoom-ға бейімделіп алыңыздар. Қазір мыңға жуық қатысушы тікелей эфирде отыр, - деді Аймағамбетов.

Министр жұмыс осылай жалғасатынын айтты.

Бірінші рет осылай көп адамды жинап отырғаннан кейін микрофондарыңызды қосу, өшіруді дұрыс жүзеге асырып, күн тәртібіндегі мәселелерді зейін қойып тыңдауларыңызды сұраймын, - деді Асхат Аймағамбетов.