Африкадан келген қазақстандық спортшының басы дауға қалды

0
377

2021 жылы Қазақстан азаматтығын алған Кения тумасының 2023 жылғы қарашадан бастап барлық спорттық нәтижесі күшін жойды.


Африкадан келген қазақстандық спортшының басы дауға қалды

ERNUR.KZ. Қазақстандық жүгіруші Каролин Чепкоеч Кипкируиді жеңіл атлетикадағы допингке қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз ұйым (AIU) екі жылға шеттетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ол допингке қарсы бақылау ережелерін бұзған, өз кінәсіздігін дәлелдей алмады. 2021 жылы Қазақстан азаматтығын алған Кения тумасының 2023 жылғы қарашадан бастап барлық спорттық нәтижесі күшін жойды.

Спортшы жарыстан тыс тестілеу үшін спортшының қол жетімділігі талаптарының бұзылуына байланысты дисквалификация енгізілген. Халықаралық допингке қарсы қағидалардың 2.4-тармағы спортшылардың AIU талабы бойынша арнайы жүйеде өздерінің орналасқан жерін көрсетуге міндетті екенін көрсетеді. Бұл талапты орындамаған спортшы уақытша шеттетіледі.

Каролин форс-мажор жағдайында белгі қоя алмайтыны туралы дәлелдер келтіре отырып, өзін-өзі ақтауға мүмкіндігі бар. Осыдан кейін ғана дисквалификация тағайындалады.

Каролиннің ж2018 жылы аралас жарыста әйелдер арасында 5 шақырымға жүгіруде әлемдік рекорд орнатып, 2022 жылғы Азия ойындарында 5 және 10 шақырымға жүгіруде Қазақстанға екі қола медаль алып берген.