7 рейс кешігуде: Астана әуежайында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
448

Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.


7 рейс кешігуде: Астана әуежайында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайының әуе айлағында қызметкерлер қолайсыз ауа райында қызмет етіп жатыр. Мұнда күшті жел тұратыны ескертілді, деп жазады Kazinform.

Сағат 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-тан 27 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.

«Дәл қазір әуежайдың әуе айлағында қар қалың, желдің жылдамдығы секундына 10 метрге жетеді, алайда желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейстің ұшуы жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуе айлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының nn-airport.kz ресми сайтынан қарауға болады.

Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы 8(7172)702-999 байланыс орталығы жұмыс істейді.