ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІСІЗ БЕ? Одан арылуға мына әдістер КӨМЕКТЕСЕДІ

0
3 923

Бұл тәуелділіктен балалар да, олардың ата-аналары да зардап шегуі мүмкін.


ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІСІЗ БЕ? Одан арылуға мына әдістер КӨМЕКТЕСЕДІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Смартфон біздің күнделікті қажеттілігімізге айналғанына біраз жыл болды. Қазір тіпті, әлеуметтік желілерді ақтарып, түрлі адамдармен әрдайым байланыста болу қалыпты жағдай болып көрінеді. Алайда, телефонға тәуелділік үлкен проблемаға айналып барады. Бұдан қалай құтылу керек?


Атақты Стэнфорд университетінің сарапшылары жасаған зерттеу көрсеткендей, телефон пайдаланушылардың 14 пайызы бірнеше күн бойы интернеттің болмауына төтеп бере алмайды екен.


Сондай-ақ, ғалымдар жас балаларға (4 айдан – 3 жасқа дейін) смартфонды көп ұстату – олардың өміріне қиянат жасаумен бірдей екендігін айтады. Көздің көру қабілеті нашарлайтыны былай тұрсын, ғаламтор жап-жас бүлдіршіндердің мінез-құлқына да зиянын тигізеді.

Бірақ, гаджеттерге тәуелділікті жеңудің бірнеше жолы бар:

  • Алдымен, бұл мәселенің бар екенін мойындаңыз. Сіз өзіңізде шынымен тәуелділік бар екенін мойындағаннан кейін ғана онымен күресті бастай аласыз.
  • Смартфонның интернетін үнемі өшіріп жүріңіз.
  • Мобильді қосымшалардан қажет емес хабарландыруларды алып тастаңыз.
  • Қажетсіз қосымшалардың көзін жойыңыз. Бұл сіздің көп уақытыңызды ұрлайтын қосымшаларға қатысты. Мысалы, ойындар.
  • Смартфон пайдаланатын уақытты басқа бір зиянсыз іске арнап үйреніңіз.
  • Өзіңіз үшін қай күндер жұмыс істейтін және қай күндер демалыс екендігін нақтылап алыңыз. Сөйтіп демалыс күндері мейілінше гаджеттерден аулақ болып, уақытыңызды басқа нәрселерге арнаңыз.
  • Жаңалықтар мен электрондық пошталарды ақтарудан аулақ болыңыз. Бұл үшін тыныштандыратын музыка қосып қоюға немесе кітап оқуға болады.
  • Ұйқыдан ояна салып смартфонды қолға алу әдетін тыйыңыз.
  • Смартфонды күніне кемінде жарты сағат және аптасына бір рет күні бойы қолданбауды әдетке айналдырыңыз. Бұл сіздің өміріңізді өзгертуге көмектеседі.
  • Әлеуметтік желілерде өткізетін уақытты қадағалап, өзіңізге «мен уақытымды неге арнап жүрмін?» деген сұрақ қойып, есеп беріңіз.


Телефонға тәуелділіктен бірден құтылу оңай емес. Дегенмен, біз ұсынған кеңестерді біртіндеп іске асыра берсеңіз, түбінде нәтиже шығады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жазғы демалысты естен кетпестей ететін ЖАП-ЖАҢА гаджеттер

Смартфонды қайта жүктеу немесе өшіру. ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛЫ?