Бұл гаджеттер ҮЙДІ ТАЗАЛАУҒА көмектеседі

0
5 795

Тірлігіңізді жеңілдеткізіңіз келе ме?


Бұл гаджеттер ҮЙДІ ТАЗАЛАУҒА көмектеседі

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Уақыт өте келе үйді тазалайтын сәт туады. Әйтпесе, тұрғын үй күнделікті өмірдің ағымына, тіпті адамның өзіне зиян келтіретін жағдайға жетеді. Ал, тазалауға өзіңіз үлгермей немесе көмекші таба алмай қалсаңыз, сізге қол ұшын созатын көптеген пайдалы құрылғылар мен аксессуарлар бар.


1. Сыпырғыш тазалаушы – Broom Groomer


Бұл құрылғы үй шаруасымен айналысатын әрбір адамның тірлігін жеңілдететін жиынтық. Құрылғы сыпырғышты жалаң қолмен тазалау қажеттілігін біржола жояды. Әрі едендегі қалдықтарды оп-оңай жинап алады.


2. USB шаңсорғыш


Компьютердің пернетақтасы қалдықтар ең көп жиналатын құрылғы. Ал оны тазалау жеке гигиенаның маңызды бөлігі болып саналады. Тиісінше, бұл заттың қуыстарын тазалауға осындай кішкентай шаңсорғыштың көмектесе алады.


3. iRobot Roomba

Сделает все за тебя. Фото: mobistore.by.

Сіз әлі де дәстүрлі сыпырғыштар мен сүрткіштерді қолданып жүрсіз бе? Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой! Демек, еденді тазалау үшін жаңа бір өнертабыс сатып алу туралы ойланатын кез келді. Бұл тұрғыда сізге еденді өз бетінше тазалай беретін iRobot Roomba-ның көптеген аналогтары қол ұшын соза алады.


4. Меламин «губкасы»

Очень полезная вещица. Фото: furnishhome.ru.

Неліктен мұндай «губканы» сатып алу керек? Себебі ол ұзақ мерзім бойы қызмет ете алады және майлы дақтар мен маркер іздерін жою үшін өте қолайлы. Нағыз балалары бар үйге қажетті губка десек, қателеспейміз.


5. Бүріккіш сүрткіш

Упростит работу. Фото: tvmag.by

Еден жуу кезінде шүберекті сулай беріп жалықтыңыз ба? Егер солай болса, мұндай жағдайда сіз айлакер сүрткішті сатып алу туралы ойлануыңыз керек. Оның жинағына су ыдысы, сондай-ақ шағын бүріккіш бөтелке кіреді.


6. Микротолқынды пешке арналған бу тазартқыш

Сделай СВЧ чище. Фото: optovka58.ru

Микротолқынды пешті қалай тез әрі тиімді тазалау керек? Әрине, бу тазартқыштың көмегімен. Аталған құрылғымен тазарту процесіне су, лимон шырыны мен сірке суы қажет болады.


7. Механикалық щетка

Супер штуковвина. Фото: nakhodka.goodster.ru

Біздің заманымыздағы технологиялық прогрестің әсерінен тіпті сыпырғыштар да өзгерді. Мұның жарқын мысалы – механикалық щетка. Құрылғы үй иесін кез-келген қосымша қозғалыс жасау қажеттілігінен құтқарады және тазалау процесін тездетеді.


8. Болаттан жасалған заттарды тазалайтын таяқшалар

Будет блестеть, как новая. Фото: zik-zak.ru.

Ас үйдегі болаттан жасалған ыдыс-аяқ пен «су кранын» жылтырату қиын емес. Ол үшін сіз құрал-жабдық жиынтығына осындай таяқшаларды қосып қоюыңыз қажет. Бұл – болаттан жасалған барлық заттарды арзан әрі өте тиімді тазартатын таптырмас құрылғы.


9. «Лизундар»

Для труднодоступных мест. Фото: nerazvod.ru

Егер сіз қиын қуыстардағы шаң, кір мен май қалдығын тазалай алмай жатсаңыз, онда сіз осындай «шламды» қолдана аласыз. Мұндай созылмалы құрал автомобильдегі бақылау тақтасынан бастап ас үйдегі тоңазытқышқа дейінгі кез келген затпен жұмыс істеуге жарамды.


10. Автоматты тазалау шары

Катится и чистит все подряд. Фото: new.buynewgoods.ru

Ал, мына домалақ зат – қабырғалары икемделіп, қол жетпейтін жерлердегі шаң мен қоқысты жинайтын құрылғы. Бұл әсіресе диванның астындағы еденді тазалау үшін өте қолайлы. Осылайша жиһазды орнынан қозғамай-ақ тазарта аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қандай смартфон аларыңызды БІЛМЕЙ ЖҮРСІЗ БЕ?


Электронды темекінің ЗАРДАБЫН ДА БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ