Диеталық ҚҰЙМАҚТАР мәзірі

0
2 827

Құрметті ханымдар, күнделікті үйдің ішінен дәмді тағамдардың әдемі иісі шығып тұрғанын қаласаңыз, құймақ пісіруді үйреніңіз


Диеталық ҚҰЙМАҚТАР мәзірі

Құймақтың хош иісі мен тіл үйірер дәмі балаларыңызды да, өмірлік серігіңізді де баурап алары сөзсіз. Сондықтан да күн сайын дәмді құймақтарды пісіріп, дастархандарыңызды гүлдендіре біліңіздер!


Сұлы жармасы қосылған пайдалы құймақ

Қажетті өнімдер:

1 стақан сұлы жармасы

1 стақан ұн

250 мл майсыз кефир

2 стақан қант

0,5 шай қасық тұз

1 шай қасық қамыр қопсытқыш

Қуыру үшін өсімдік майы қажет.


Дайындалу тәсілі:

1.Сұлы жармасын блендерге салып, ұнтақтап алыңыз. Сонымен қатар, еттартқышпен де майдалап алуға болады.

2.Содан соң осы ұнтаққа жылытылған кефирді құйып, араластырамыз. 10-15 минуттан соң сұлы жармасы көпсіп, жұмсара бастайды. Сонда қамырыңыз да жұмсақ болып шығады.

3.Осы араласпаға ұнды салып, жақсылап араластырыңыз. Кейіннен азырақ қант пен тұзды қоса беруге болады. Ал, ас содасын сірке суымен көпіршітіп алып, қосқан дұрыс.

4.Қамыр қопсытқышты құймақтарды пісіруден бес минут алдын қосу керек.

5.Табаға май құйып, отқа қоясыз да, әбден қызғаннан кейін, құймақтарды қасықпен салып, қызарта пісіріп ала бересіз.

6.Екі беті бірдей қызарып піскен құймақтарды тәрелкеге салып ала бересіз.

7.Мұндай дәмді құймақтарды қойылтылған сүтпен, қаймақпен, тосаппен ұсына беруге болады.


Алма қосылған құймақ


Қажетті өнімдер:

  • 500 мл. кефир
  • 400 гр ұн
  • 2 дана жұмыртқа
  • 3 ас қасық қант
  • 1/3 шай қасық ас содасы
  • 2 дана орташа алма
  • Пісіру үшін өсімдік майы қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Жұмыртқаны табаққа жарып салып, шанышқымен көпіршітіп аламыз.
  2. Кефирді табаққа құйып, қант, тұз салып, араластырамыз. Кефирді лажы болса жылытып алған дұрыс. Сосын осы араласпаға көпіршіген жұмыртқаны құйып, біркелкі маса шыққанша араластырамыз.
  3. Алмаларды жуып, майда әрі текше етіп турау керек. Үккіштен өткізсееңіз алманың шырыны шығып, қамырды сұйық қылып жібереді. Сондықтан да алманы осылай тураған дұрыс. Енді ас содасын қоса беруге болады.
  4. Табаға май құйып, қыздырғаннан кейін құймақтарды ас қасықпен салып, пісіріп аламыз. Егер қамыр тым сұйық болып кетсе азырақ ұн қосып жіберген дұрыс. Сонда құймақтар әдемі болып піседі.
  5. Жақсы көтерілген, алмадан жасалған құймақтар да дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын!

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мына әрекеттер сізді арықтауға жетелейді


45 жастан кейін семірмеудің 5 амалы